Жаңалықтар

Индонезияда қатты нөсерден 11 адам көз жұмды

Риау аралында жаңбыр соңы көшкінге ұласты
Индонезияда қатты нөсерден 11 адам көз жұмды
Фото: www.newsru.com 07.03.2023 02:26 845

Индонезияда толассыз жауған нөсер мен көшкін салдарынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апатпен күрес бойынша ұлттық басқарманың өкілі Абдул Мухаридің айтуынша, аралдың шалғайда орналасуына байланысты құтқарушыларға ТЖ болған жерге жету қиындаған.

Әдетте бұл катермен бес сағаттай уақытты алады. Табиғи апатпен күрес бойынша ұлттық басқармасы апат аймағына жылдам жету үшін тікұшақты іске қосады, - дейді Мухари.  

Риау аралында күшті нөсер жауып, соңы көшкінге ұласқан. Табиғи апат 11 адамның өмірін жалмап, 50 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға