Жаңалықтар

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

XVII жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге тарта спортшы, спорттың 39 түрі бойынша бақ сынап жатыр.
23.09.2014 12:59 4995

XVII жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге тарта спортшы, спорттың 39 түрі бойынша бақ сынап жатыр. Биыл Азия ойындары бағдарламасына 41 олимпиялық және 9 олимпиялық емес спорт түрі енген. Спорттың 50 түрі бойынша 437 медаль жиынтығы сарапқа салып, 45 елден 13 000 спортшы мен жаттықтырушы қатысты.

Бұл көрсеткіш бойынша Азия ойындарының деңгейі 16 000 адамға дейін қатысатын жазғы Олимпиадалармен салыстыруға болады. Сондай-ақ, Азия ойындарын БАҚ-тың 7 мыңға тарта өкілі хабар таратпақ. 

Хабарламада «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекіткен Арнаулы кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында спортшылар дайындығын қажетті жағдаймен қамтамысыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы Азия ойындарында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орын алуды жоспарлап отыр» делінген. 

Айта кетейік, жалпы, Қазақстанның Ұлттық құрамасы бұдан бұрынғы бес бірдей Азия ойындарына қатысып (1994 жылдан бастап), 113 алтын жүлде жеңіп алған.
Өткен жолғы Гуанчжоудағы ойындарда Қазақстан 18 алтын, 23 күміс және 38 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 5-орын алған болатын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Incheon Asiad Main» – осы Азия ойындарына арналып салынған жаңа стадион. Сыйымдылығы – 61,074 адам. Бұл жерде Азия ойындарының ашылуы және жабылуы сондай-ақ жеңіл атлетиканың жарыстары өтеді. Сарықұрлықтың додасы аяқталған соң 30 мыңға дейін кішірейтіледі. Құрлысқа 429 миллион доллар жұмсалған.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Gyeyang Asiad Archery Field» спорт кешені – нысана көздеушілердің сайысы өтетін орын. Сыйымдылығы – 1181 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Anyang Hogye Gymnasium» – боулинг спортына арналған кешен. Сыйымдылығы –  270 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Gyeyang Gymnasium» – бадмминтон ойынына арналған спорт кешені. Сыйымдылығы –  4304 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Suwon Gymnasium» стол теннисіне арналған спорт кешені. Сыйымдылығы –   5145 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Yeonhui Cricket Ground» крикет ойындары өтетін алаң. Сыйымдылығы –  2371 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Munhak Baseball Stadium» бейсбол спортына арналған алаң. Сыйымдылығы –   27 877 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Munhak Stadium» – 2002 жылғы әлем чемпионаты кезінде салынған.  Сол кезде бұл стадионда Коста-Рика мен Түркия, Дания мен Франция және Оңтүстік Корея – Португалия құрамалары доп тепкен еді. Сыйымдылығы – 49084 адам. Футбол ойындарының финалдық кездесу осы жерде өтеді.

 Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Ansan Wa» алаңы 2006 жылы ашылған. Бұл стадион 35 000 адамға арналған. Өзі дәл Сеулге баратын метроның жанында орналасқан.

 Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

 «Goyang Stadium»  футбол матчтары өтеді. Сыйымдылығы – 41 311адам.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

«Namdong Asiad Rugby Field Stadium» регби ойындарына арналған стадион. Сыйымдылығы – 1604 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

 «Yeorumul Tennis Courts» бұл жерде теннис ойындары өтеді. Сыйымдылығы –5802 орын.

Инчхон қаласы Азия ойындарына қалай дайындалды?!

Арнайы Инчхон қаласынан – Бек Төлеуов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға