Жаңалықтар

Иммунолог жылқы етінің қандай пайдасы барын айтты

Иммунолог жылқы етінің қандай пайдасы барын айтты
Фото: © Pixabay.com 04.03.2024 10:44 1536

Қазақ үшін жылқы етінің орны бөлек. Иммунолог Елена Парецкая Doctorpiter порталына берген сұхбатында жылқы етін тұрақты тұтыну неліктен маңызды екенін және оның шын мәнінде қаншалықты пайдалы екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, жылқы етінде ақуыз өте жоғары және май өте аз, бұл протеиндердің сіңуін жылдамдатады.

Сондай-ақ жылқы еті минералдар мен микроэлементтерге бай, олар натрий мен калий, фосфор мен кальций, мыс пен темір, магний, В тобындағы дәрумендер, К дәрумені және РР, А және Е бар, - деп түсіндіреді диетолог. - В дәрумендерін қабылдау жүйке жүйесінің толық жұмыс істеуі үшін қажет, майда еритін Е және А дәрумендері антиоксиданттар қызметін атқарады, шаш пен терінің денсаулығы үшін қажет. Сонымен қатар ретинол көзді сақтайды. К витаминінің арқасында қанның ұюының алдын алуға болады, ал темір анемияның алдын алу үшін қажет. Магний мен калий қысым деңгейін ұстап тұруға көмектеседі, жүрек-қан тамырлары патологиясының дамуына жол бермейді, тіндерден артық сұйықтықты кетіреді.

Жылқы етін тұрақты тұтыну холестерин деңгейін төмендетуге, метаболизм процестерін ынталандыруға көмектеседі. Жылқы етінің калориясы төмен екенін ескерсек, 100 грамм өнімге небәрі 215 ккал келеді. Дәрігердің айтуынша, жылқы еті иммунитетті нығайтуға көмектеседі, сүйектер мен тістердің денсаулығын жақсартады.

Ас қорыту жүйесінде проблемалары бар адамдар жылқы етін пайдаланудан уақытша бас тартқаны жөн: өткір жара, гастрит, панкреатит және колит кезінде жылқы етін жеуге болмайды. Денені шамадан тыс жүктемеу үшін инсульттің немесе инфаркттың өткір кезеңінде жылқы етінен бас тартқан жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға