Жаңалықтар

Имам қалай әйелді дұрыс ұрып-соғу керектігін айтты

Имам қалай әйелді дұрыс ұрып-соғу керектігін айтты
Фото: Татар-информ басылымы 17.07.2024 15:45 1563

Қазандағы Ирек мешітінің имамы Тимур Камаев ел күтпаеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  «Татар-информ» басылымына сілтеме жасап.

Ол ислам діні әйелді ұруға тыйым салады, бірақ жарақат салмайтын жеңіл соққылар жасауға болатынын айтты. Сонымен қатар, әйел дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастау керек, ал шектен шықса ұруға болады дейді ол.

Имамның сөзінше, кішкентай таяқпен әйеліңізді абайлап бірнеше рет ұруға болады дейді.

Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде, – дейді имам. 

Имам Тимур Камаев әйелді ұруға исламда тыйым салынғанын айтты. Ұрып-соғу адам құқығын бұзатынын түсіндірді. Ал егер әйел адам күйеуінің ұрғанын кешірсе, бұл оған қайырлы болады.

Кейіннен «Татар-информ» агенттігі Камаевтың сөздерін контекстен алып тастады. Ал Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) бейнеподкасттың толық нұсқасымен танысуды ұсынды. Олардың айтуынша, подкастта «шабуылға жол берілмейтіні, біреуді ұрып-соғу және оған физикалық,моральдық зиян келтіру Исламда күнә саналатыны туралы» айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға