Жаңалықтар

Илон Масктің интернеті Қазақстанға су тасқыны кезінде көмекке келді

Илон Масктің интернеті Қазақстанға су тасқыны кезінде көмекке келді
Фото: © Unplash 11.04.2024 13:31 859

Starlink компаниясына тиесілі 30 интернет-терминал Қостанай облысының су басқан аудандарына жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі бірқатар ауданда базалық байланыс станциялары су астында қалып, тұрғындар электр жарығы мен байланыссыз қалды.  

Бұған дейін мұндай терминалдар Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарына жіберілген. Олар оқу процесі интернетпен қамтамасыз етілу үшін мектептердің жанына орнатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға