Жаңалықтар

Илон Маск, Трамп, Rosé: Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімі шықты

Илон Маск, Трамп, Rosé: Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімі шықты
Фото: time.com 17.04.2025 11:58 372

Америкалық Time журналы дәстүрлі Time100 тізімін жариялады. Биылғы тізімге әлемнің 32 елінен түрлі сала өкілдері енген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тізім алты бағытқа бөлінген: Мәдениетке, саясатқа және ғылым мен технологияға айтарлықтай үлес қосып жүрген тұлғаларды қамтиды.

Leaders – Көшбасшылар

Бұл санатқа жаһандық саясат пен экономиканың бағытына ықпал еткен саясаткерлер мен кәсіпкерлер енді:

  • Дональд Трамп – АҚШ президенті;

  • Джей Ди Вэнс – АҚШ вице-президенті;

  • Илон Маск – SpaceX негізін қалаушы;

  • Кир Стармер – Ұлыбритания премьер-министрі;

  • Хавьер Милей – Аргентина президенті;

  • Фридрих Мерц – Германияның болашақ канцлері;

  • Ахмед аш-Шараа – Сирияның уақытша президенті;

  • Клаудия Шейнбаум – Мексика президенті;

  • Говард Лютник – АҚШ-тың сауда министрі.

Time журналы Дональд Трампты ерекше атап өткен. Журналист Брайан Беннет оның саяси ықпалын былай сипаттайды:

Қазіргі замандағы бірде-бір президент АҚШ үкіметін Трамп сияқты толықтай бақылауға алған емес. Ол инклюзивті бағдарламаларды жабуға тырысып, одақтастарды Гренландияға басып кіремін деп қорқытып, Украинаға қолдауды тоқтатамын деп үрей тудырды. Қалған мерзімі ел мен әлемнің қандай шекке дейін төтеп бере алатынын көрсетеді.

Titans – Титандар

  • Серена Уильямс – теннис аңызы

  • Миучча Прада – дизайнер

  • Марк Цукерберг – Meta басшысы

  • Блейк Лайвли – актриса

  • Симона Байлз – гимнастика чемпионы

Icons – Иконалар

  • Деми Мур – актриса

  • Эдриан Броуди – «Оскар» лауреаты

  • Дэвид Мьюр – журналист

  • Хироюки Санада – актер

  • Ракель Уиллис – жазушы, белсенді

Artists – Өнер иелері

  • Эд Ширан

  • Скарлетт Йоханссон

  • Кристен Белл

  • Адам Скотт

  • Дэниел Дае Ким және басқа танымал есімдер

Pioneers – Алғашқылар

  • Rosé (Blackpink) – әнші

  • Демис Хассабис – Нобель лауреаты, ЖИ әзірлеуші

  • Эндрю Форрест – кәсіпкер

  • Дарио Амодей – Anthropic компаниясының бас директоры

  • Роберт Монтгомери – дәрігер

  • Робин Уолл Киммерер – ботаник, жазушы

Innovators – Инноваторлар

  • Snoop Dogg – рэпер, кәсіпкер

  • Исмахане Элуафи – ғалым

  • Никки Глейзер – комик, актриса

  • Ричард Томпсон – теңіз биологы

  • Венди Фридман – астроном

Айта кетейік, Time100 алғаш рет 1999 жылы саясаткерлер, ғалымдар мен журналистердің ұсынысымен әзірленген. 2004 жылдан бастап бұл тізім жыл сайын жарияланып келеді. Қазіргі таңда үміткерлерді бұрынғы қатысушылар мен халықаралық авторлар ұсынса, соңғы шешімді Time редакциясы қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға