Илон Маск шенеуніктердің ақыл-есінің дұрыстығын тексеруге шақырды
Фото: flickr/Marla Aufmuth
Фото: flickr/Marla Aufmuth
22.12.2024 18:46
202
Әлемдегі ең бай адам Илон Маск американдық шенеуніктердің ақыл-ой қабілеттерін тексеруге шақырды. Бұл туралы кәсіпкер өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін алты ай бойы дауыс беруге қатыспаған 81 жастағы американдық конгрессвумен Кей Грейнджердің қарттар үйінде екені анықталған.
Мүмкін біз сайлайтын шенеуніктер үшін қандай да бір когнитивті тест енгізуіміз керек шығар? – деп жазды Маск.
Ол АҚШ-та болып жатқан жағдайды ақылға қонымсыз деп атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен