Жаңалықтар

Илон Маск АҚШ-та жаңадан құрылған министрлікті басқарады

Илон Маск АҚШ-та жаңадан құрылған министрлікті басқарады
Фото: Reuters/Rachel Wisniewski 13.11.2024 10:58 397

Tesla басшысы Илон Маск пен американдық кәсіпкер Вивек Рамасвами президенті әкімшілігіндегі мемлекеттік басқару тиімділігі департаментін басқаратын болады. Бұл туралы жаңадан сайланған президент мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дональд Трамптың айтуынша, Илон Маск пен Республикалық партия атынан президент сайлауына бұрын үміткер болған кәсіпкер Вивек Рамасвами жаңадан құрылған тиімділік министрлігін басқарады.

Бұл екі керемет американдық менің әкімшілігімдегі үкіметтік бюрократияны жоюға, пайдасыз шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады, — деді Трамп.

Ал Маск CNN-ге берген сұхбатында мұның бәрі үкіметті тонаумен айналысатын көптеген адамның ашуын туғызатынын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға