Жаңалықтар

Ілияс Өсеров Еуразиялық экономикалық комиссияның құжаттарын толықтыруды ұсынды

Ілияс Өсеров Еуразиялық экономикалық комиссияның құжаттарын толықтыруды ұсынды
Фото: gov.kz 03.02.2023 12:41 979

Ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияның құжаттарынан кейбір нормаларды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кезекті кеңесі өтті.

Іс-шараға: Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров Қырғызстанның экономика және Коммерция министрі Данияр Амангелдиев Арменияның экономика министрі Ваган Керобян Беларусь экономика министрінің орынбасары Алеся Абраменко Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев қатысты. Кездесу барысында Ресейдің ЕАЭО органдарындағы төрағалығының басымдықтары туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы туралы баяндамасын тыңдады.

ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі І.Өсеров атап өткендей, экономикалық интеграцияны ЕАЭО туралы шартқа қатаң сәйкестікте және ұлттық мүдделерді ескере отырып, жетілдіру керек. Бұл Қазақстанның ЕАЭО-дағы ұстанымы. Одақтың 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы сараптамалық пысықтауды қажет етеді, деді ол.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Стратегиялық жоспарлау және технологиялық болжау және ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау жүйесі жөніндегі нормаларды алып тастауды ұсынды. Себебі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттердің Стратегиялық жоспарлау жүйелері бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға