Жаңалықтар

Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды

Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды
Фото: видеодан алынған кадр 04.08.2023 15:16 924

Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше 112 пультіне Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өз бетінше түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Зардап шеккендерді іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Туристер «Медеу» спорт кешеніне дейін жеткізілді.

Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.

https://t.me/qr_tjm/6282
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға