Іле Алатауы тауларында адасқан үш жасөспірім табылды

Үш жасөспірім Букреев шыңынан Бутаков шатқалына қарай түсіп келе жатқан кезде жолдан адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімдердің жоғалып кеткені туралы хабарламадан соң ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласы Медеу ауданының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Сағат 19:43-те туристерді іздеуге 5 адамнан тұратын жедел құтқарушылар тобы, оның ішінде кинологиялық есептоп шықты. Сағат 21.14-те құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне қарай түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 23.05-те топ балалармен бірге орман асуына жетіп, төмен түсуді жалғастырды. Сағат 00:19-да құтқарушылар мен балалар Республикалық жедел-құтқару жасағының көлігіне жетті. Бутаков шатқалындағы шлагбаум маңында оларды жасөспірімдердің туыстары күтіп алды, - делінген мәліметте.
ТЖМ құтқарушылары тауда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
