Жаңалықтар

Іле Алатау ытауларында сел жүру қаупі жарияланды

Іле Алатау ытауларында сел жүру қаупі жарияланды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 18.08.2024 04:34 404

Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазгидромет» РМК-ның 17 тамыздағы дауылды ескертуіне сәйкес жауын-шашынға байланысты Алматы қаласының Кіші және Үлкен өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі бар.

«Қазсел» қорғаныс бөлімшелері сел қаупі бар аймақтарда бақылаудың күшейтілген жиілігіне көшірілді, әуеден және жерден түсіру жұмыстары жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары, естеріңізге саламыз! Сел қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауларыңызды сұраймыз, - делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға