Жаңалықтар

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде жабайы өріктер гүлдеді

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде жабайы өріктер гүлдеді
Фото: Видеодан кадр 12.04.2025 06:35 296

Іле-Алатау ұлттық паркінде көктемнің жарқын белгілерінің бірі – кәдімгі жабайы өрік тоғайларының гүлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, ұлттық паркте Қазақстанның Қызыл кітабына енген 37 өсімдік түрі бар. Олардың қатарында сирек кездесетін және ерекше қорғауды, әрі қарай зерттеуді қажет ететін жабайы өріктер де бар. Осы мақсатта 2007 жылы Талғар филиалының Қотырбұлақ орман шаруашылығында өріктің орман генетикалық резерваты құрылды. Жалпы аумағы – 168 гектарды құрайды.

Өрік – жемісті және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін үлкен маңызға ие генетикалық ресурс болып табылады. Жабайы өріктің гүлдеуі – тек экологиялық тұрғыдан маңызды ғана емес, сонымен қатар көркем табиғи құбылыс болып саналады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға