Іле Алатау ұлттық паркінде үнді жайрасы фототұзаққа түсіп қалды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
27.04.2025 07:33
203
Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген үнді жайрасы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзақтың көмегімен кезекті рет тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті желі парақшасында жаариялады.
Үнді жайрасы — Қазақстанда өте сирек кездеседі. Бұл дерек аталмыш сирек түрдің ареалында әлі де тұрақты тіршілік ететінін көрсетеді, сондай-ақ ғалымдарға оның саны мен белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
