Жаңалықтар

ІІО арнайы күштерінің жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025 қатысады

ІІО арнайы күштерінің жауынгерлері UAE SWAT Challenge-2025 қатысады
Фото: Ұлттық ұлан 14.01.2025 05:12 262

Биыл 1-5 ақпан аралығында Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының үш командасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтетін "UAE SWAT Challenge-2025" жыл сайынғы VI халықаралық тактикалық жарысқа қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 80-нен астам команда жиналады деп күтілуде.

"UAE SWAT Challenge" — бұл күш құрылымдарының арнайы күштері арасындағы бейресми әлем чемпионаты. Оны арнайы күштер олимпиадасы деп атайды. Жауынгерлер тактикалық дағдыларды, зияткерлік шоғырлануды және физикалық төзімділікті тексеруге бағытталған тактикалық, шабуыл, құтқару операцияларын қамтитын жарыстарға қатысады,-деп атап өтті Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

UAE SWAT Challenge-дің негізгі міндеттері — арнайы мақсаттағы жасақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру. Өйткені, жарыстар олардың нақты қиындықтар мен күнделікті тәуекелдерге қарсы тұру дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бес күн ішінде жарыстың қатаң бәсекелестік күресінде арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілері түрлі тактикалық тапсырмаларды орындайтын болады. Оның барысында кедергілер еңсеріледі, түрлі қарулардан: мергендік мылтықтардан, тапаншалардан және пулемет-тапаншалардан нысанаға ату орындалады. Сондай-ақ, жарыс бағдарламасында кепілге алынғандарды босату және жаралыларды эвакуациялау бойынша жеке жарыстар өтеді деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға