Жаңалықтар

ІІМ Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты мәлімдеме жасады

ІІМ Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Gov.kz 23.10.2024 17:20 801

Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселемен айналысып жатырмыз, күдіктіні іздеп жатырмыз, оны ұстаймыз. Қазір оны іздеу оңай емес. Барлық шара қабылданды. Қызметтік тексеру жүргізудеміз. Барлығы жазаланады. Салғырттық дерегі бойынша іс қозғалды. Кінәлілер жазаға тартылатын болады, - деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткені белгілі болды. 26 жастағы ер адам жиенін зорлады деген күдікке ілініп, сол үшін ұсталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға