Жаңалықтар

ІІМ Шерзат Болат қаза тапқан күнгі бейне жазбаны көрсетті

ІІМ Шерзат Болат қаза тапқан күнгі бейне жазбаны көрсетті
Фото: видеодан алынған кадр 15.10.2024 13:46 1690

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығының орынбасары Самат Аисов Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған күнгі бейнебақылау камерасы түсірген видеоны көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Бейнебақылау камерасында белгісіз ер адам Талғардағы «Қамажай» дүкеніне келіп, 2 бөтелке сыра мен төрт темекі сатып алып, ақшасын аударады. Артынша тағы бір бөтелке сыра сатып алып қолма-қол төлем жасап шығып кетеді. Бірер уақыттан соң қайта келіп ұялы телефонын қуаттағышқа қоюын сұрайды. Осы уақытта дүкен кассасында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов болған. Күдікті мен марқұмның әкесінің арасында ешқандай дау-дамай болмаған.

Самат Аисовтың сөзінше, жанжал дүкен сыртында басталған. 

Жалпы дүкен ішінде екі бейнебақылау камерасы орнатылған. Бірі – жалпы дүкеннің ішін түсірсе, екіншісі – кассаны түсіреді. Ал үшінші бейнебақылау камерасы дүкен сыртында орналасқан.

Сол уақытта дүкенге келген сатып алушылардан да жауап алынды. Бейнебақылау камерасы ресиверден алынды және ол бойынша сот сараптама тағайындады. Онда монтаж бар ма, жоқ па тексерілді, - деді Аисов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға