Жаңалықтар

ІІМ шекарадан асқан 11 қылмыскерді ұстады

ІІМ шекарадан асқан 11 қылмыскерді ұстады
Фото: Polisia.kz 02.02.2025 12:54 103

ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасай отырып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, Мәскеу қаласында 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол өткен жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.

Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады. 2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға