ІІМ Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот
05.06.2024 18:04
1632
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қатысты қылмыстық істің қозғалғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалған ақпарат бойынша іс қозғалды, бірақ нақты бір адамға қатысты емес. Нақтысын анықтайтын боламыз, - деп жауап берді Саденов Мәжіліс кулуарында.
2 маусымда қазақстандық саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев YouTube желісіндегі Ertysbaev Live арнасында Айтбек Амангелдіге қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда Амангелдінің өзі бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген
Келесі жаңалық
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 6 адамның тірі қалғаны белгілі