ІІМ өкілі Шерзаттың өліміне екі қыздың қатысы жоқ екенін мәлімдеді
Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі
15.10.2024 14:03
1240
ІІМ Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов марқұм Шерзат Болаттың өліміне екі қыздың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Самат Аисов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шерзат қаза тапқан түні түсірілген бейне жазбаны көрсетті.
Бейнебақылау камераларынан қыздардың бірі екі күдіктіні ажыратып, бірін шетке алып кетіп бара жатқанын көруге болады. Әйел адамдардың тарапынан бұл жанжалға қатысты ешқандай белсенді әрекет болмады, - деді Аисов.
Бұған дейін марқұм Шерзат Болаттың ата-анасы мен туыстары оқиға орнында болған екі әйелді де тергеу керектігін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға