Жаңалықтар

ІІМ өкілі: Биыл елімізде бала сатуға қатысты 6 факті тіркелді

ІІМ өкілі: Биыл елімізде бала сатуға қатысты 6 факті тіркелді
Фото: Pixabay.com 27.06.2024 13:00 596

Қазақстанда былтыр бала сату бойынша 19 қылмыстық іс, биылдың өзінде 6 факті тіркелген. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізінен балалар еліміздің ішінде сатылады. Қандай да бір физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балалы бола алмайтын адамдар бар. Бұл сұранысты қанағаттандыратын адамдар да табылады, - деді Марат Қожаев.

Оның айтуынша, бала сату фактілеріне перзентханалардың, балалар үйлері қызметкерлерінің және қалауынсыз жүкті болған адамдардың қатысы бар.

Марат Қожаев бала сатумен айналысатындарға қатаң жаза қолданылатынын ескертті. Атап айтқанда, балаларды сатқан адам 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға