ІІМ мұражайында генерал Тұмарбековті еске алуға арналған көрме ашылды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
09.05.2023 11:51
1251
ІІМ мұражайында милиция генерал-майоры, Кеңес дәуірінде ішкі істер министрінің орынбасары болған Ахмет Тұмарбековті еске алуға арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz-тің жазуынша, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Ахмет Тұмарбековтің есімі ІІМ басшыларының қатарында ерекше орын алады. Ол өз өмірін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және жас мамандарды тәрбиелеуге арнаған адам.
Еске алу бұрышының ашылуына офицердің туыстарынан басқа Халық қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов қатысты. Іс-шара соңында әйгілі генералдың 100 жылдығына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары