Жаңалықтар

ІІМ есірткі жарнамасына қарсы белсенді күресті жалғастыруда

ІІМ есірткі жарнамасына қарсы белсенді күресті жалғастыруда
Фото: Polisia.kz 21.03.2025 17:43 267

Ішкі істер министрлігі көшелердегі жарнамалар арқылы есірткінің таралуын болдырмау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы 1700-ден астам рейд жүргізіліп, оған 13 мыңнан астам ерікті қатысты. Полиция мен белсенді азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында бүкіл ел бойынша 44 мыңнан астам есірткі граффити жойылды.

2025 жылдың екі айында үш мың еріктінің қатысуымен 336 рейд өткізілді. 11 мың граффити-сурет өшірілді. ІІО мен еріктілердің үйлесімді жұмысы қоғамды есірткі заттарымен байланысты қауіптерден қорғауға көмектеседі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға