Жаңалықтар

ІІМ-де Конституция күні атап өтілді

ІІМ-де Конституция күні атап өтілді
Фото: Polisia.kz 30.08.2024 15:46 450

Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіз еліміздің ата заңы мерекесімен ведомство басшысы Ержан Саденов құттықтады.

Күнделікті қызметте әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, адамдардың заңды мүдделерін қорғап жүрсіздер. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкеріне адал жұмысы мен кәсібилігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да аталған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, – деді Ішкі істер министрі.

Айтулы күні мінсіз қызметімен көзге түскен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды.

Конституция – халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтатын егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепілі. Ал тәртіп сақшыларының міндеті – ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғау.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға