Жаңалықтар

ІІМ «Дәрмек» операциясын қорытындылады

ІІМ «Дәрмек» операциясын қорытындылады
Фото: Polisia.kz 16.07.2024 09:35 314

Ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы бойынша 11 қылмыс анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 134 адам, оның ішінде 70 медицина қызметкері тартылды. Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 43 кг астам есірткі және психотроптық заттар, 5 мың дәрі және 20 мың ампула психобелсенді препараттар тәркіленді.

Лицензиялау нормаларын және оларды сақтау объектілерін техникалық нығайту талаптарын бұзғандықтан 5 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді. Мәселен, тексеріс барысында Ақтөбе облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінің аумағында прекурсорлармен жұмыс жасау ережелері бұзылып сақталған 20 тоннадан астам күкірт қышқылы анықталды және тәркіленді. 

Алматы қаласында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, онда 624 ампула промедол мен 825 ампула фентанил тәркіленді. Компанияның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, бұл 160 АЕК дейінгі айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға