Жаңалықтар

ІІМ басшысы жол қозғалысы мәдениетін қалай арттыруға болатынын айтты

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды
ІІМ басшысы жол қозғалысы мәдениетін қалай арттыруға болатынын айтты
Фото: gov.kz 04.10.2022 15:38 1248

ІІМ басшысы жол қозғалысы мәдениетін қалай арттыруға болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік туралы айтты.

Министрдің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік жағдайы – елдің даму көрсеткішінің бірі.

– Жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда. Онда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алуда. Жалпы 2019 жылдан бері, әсіресе, пандемия кезінде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блок-бекеттер алынғаннан кейін бұл көрсеткіштер өсіп жатыр, – деді спикер.

Ағымдағы жылдың сегіз айында апаттылықтың барлық көрсеткіштері өсті: жол-көлік оқиғасы – 14%-ға (8 307-ден 9 429-ға дейін), қаза тапқандар – 18%-ға (1 258-ден 1 478-ге дейін), жарақат алғандар – 13%-ға (10 947-ден 12 394-ке дейін).

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол апаты деңгейі жоғары.

– Барлық жол апаттарының 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%–ы дәл осы өңірлерде орын алған, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға