Жаңалықтар

III.ХV-ХVI ғасырлардағы қоғамдық-саяси өмір және жыраулар поэзиясы

Тәуекел хандық тізгінін ұстаған 1583-1598 жылдары Қазақ хандығы әскери қуаты жағынан ғана емес, қуатты көршілермен саяси байланыстар орнату тұрғысынан да оң қадамдар жасады.
31.03.2014 03:39 3815

Тәуекел хандық тізгінін ұстаған 1583-1598 жылдары Қазақ хандығы әскери қуаты жағынан ғана емес, қуатты көршілермен саяси байланыстар орнату тұрғысынан да оң қадамдар жасады.

Дегенмен, ХVІ ғасырдың соңғы жылдарына қарай Қазақ елімен іргелес жерлерде қазақтарға аса қолайсыз саяси жағдайлар қалыптаса бастады. Еділ бойы мен Астраханьда Ресей ықпалы арта түсті, ал хандықтың солтүстік және батыс аумақтарындағы жерлерге көшпелі ноғайлар (маңғыттар) мен башқұрттар көшіп келіп, орнығуға күш салды. Қазақ хандығыныңшығысында Жоңғар мемлекеті қуатты күшке айнала бастады.

Осылардың үстіне, ел ішіндегі жекелеген сұлтандар арасында оқшаулану, жеке билеуге ұмтылыс белгі бере бастады. Бұл жағдай да елдің тұтастығына сына қаққандай әрекет болды.

Елдіңсыртқыжәнеішкіжағдайларыауырлайтүскеносындай кезеңде хандық билігі Есім хан (1598-1643 ж.ж.) қолына тиді. Қазақ елінің айбарлы дәуіріне айналған Есім хан билік құрған кезеңнің алғашқы бірер жылы аясында аса маңызды тарихи-саяси жетістіктерге қол жетті. Оңтүстік Қазақстан мен Ташкент аумағы Қазақ хандығына өтті, ел орталығы Түркістанға көшірілді. 1598 жылы Бұқар билеушілерімен бейбітбітім жасалып, соның нәтижесінде көршілес елдермен біршама орнықты саяси қарым-қатынастар жүргізуге қол жеткізілді. Елдің өз ішінде де жағдай тұрақтанады. Осы оңтайлы мүмкіндіктерді ел кәдесіне жаратқан Есім хан Алтай мен Жетісуға қарай жақындап, елдің тыныштығын кетіре бастаған жоңғарларға көбірек назар аударады.

Ташкентті билеген қазақ сұлтаны Тұрсынмен келісім жасасты. Келісім нәтижесінде Есім хан жоңғарларға қарсы тұруға мүмкіндік алды. Алайда қазақтар мен жоңғарлар соғысыпжатқан уақытта Тұрсын уағдадан тайып, Есімнің Түркістандағы Ордасына шабуылдап, хан әулетін тұтқындап әкетеді. Ташкентке жорық жасаған Есім хан 1627 жылы Тұрсынның өзін де, оған жақтас қатаған руының көптеген адамдарының да көзін жояды.

1629 жылы жоңғарлар Есіл, Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендерінің бойын жайлаған жұртқа шабуылдағаннан кейін, қатерлі шапқыншылық болу ықтималдығын жақсы ұғынған Есім хан негізгі күшін елдің шығысына жинақтауды қолға алды.

Ел ішінде белгі бере бастаған алауыздыққа тоқтау сала білген Есім хан халық тұтастығына іріткі салуға жол бермеуді көздеп, баршаға ортақ талаптар жинақталған мемлекеттік Заң іспетті жаңа низам талаптарын белгіледі. Халық арасында «Есім ханның Ескі жолы» аталған, Қазақ хандығының мемлекеттік жүйесі, елді басқару құрылымы және қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттері заманына орайласа айқындалған бұл ережелер жинағы бір ғасырдан астам уақыт бойы қазақтардың баршасы жүгінген негізгі заң қызметін атқарғаны анық.

Аманжол Әлтай, «Жыраулар мұрасы»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға