Игілік көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
09.06.2024 18:51
498
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осы жылдың 10-12 маусымында Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейінгі Игілік көшесінің учаскесі толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бөлісу:
