Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс мемлекет меншігіне қабылданды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
18.10.2024 06:27
325
Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды. Оның 4-і Қарағанды, 2–і Алматы және 1–і Павлодар облысында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.
«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай–күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға