IBF Головкинді чемпиондық белбеуін қорғауға міндеттемек
Бұған дейін WBA кубалық Эрисланди Лараны Головкиннің орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер ретінде жариялаған болатын
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
23.09.2022 00:05
1250
Дүниежүзілік бокс қауымдастығынан (WBA) кейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) да қазақстандық Геннадий Головкинді орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғауға міндеттеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz.
«Халықаралық бокс федерациясы GGG мен Эскива Фалькао арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын бастауға уәде берді. Жаңалық күтеміз», - деп жазды бразилиялық журналист кіші Уилсон Бальдини твиттер желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін WBA кубалық Эрисланди Лараны Головкиннің орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер ретінде жариялаған болатын. Лара WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қазақстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтады
Келесі жаңалық
ШҚО-да қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды