IBA: Қазақстандық боксшылар әлемде үздік атанды
![IBA: Қазақстандық боксшылар әлемде үздік атанды IBA: Қазақстандық боксшылар әлемде үздік атанды](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141816/1200xauto_IIDsgb1Ongca3Q9T1qmjYQDHClLVAV2Jiy1daInG.jpg)
Қазақстандық боксшылар әуесқой бокстағы жетекші елдер арасында топ-10-да бірінші орын иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде осылай көрсетілген. Көшбасшылар үштігіне Өзбекстан мен Ресей де кірді.
Осылайша, Қазақстан 81 мың ұпай жинап, рейтингте бірінші орынға ие болды. 60 800 ұпайы бар Өзбекстан – екінші, Ресей үшінші (58 050 ұпай) орын иеленді.
Ондыққа Үндістан, Марокко, Куба, Мексика, Бразилия, Италия және Түркия сияқты елдер кірген.
Соңғы, 154-орында Исландия тұр. Бұл елде тек 50 ұпай бар.
Желтоқсан айында Таиландта бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық ерлер командасы төрт алтын, бес күміс және бір қола жеңіп алды. Команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов екі жекпе-жектің нәтижелерімен келіспейтінін айтқан.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)