«I love Astana» жазбасы зеңбір көктен көрсетілді
11.06.2015 05:46
4463
Елорда тұрғыны, блогер Виталий Перов «Хан-Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан «I love Astana» архитектуралық формасын зеңгір көктен көрсетіп, халықты қуанышқа бөледі.
«I love Astana» инсталляциясының орнатылғанына көп уақыт болмаса да, қысқа мерзім ішінде ол қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті нысандарының біріне айнала білді. Әлеуметтік желілерде #iloveAstana хэштегімен осы жазбаның фонында түсірілген суреттер көбейді.
Бұл фигура Қазақстанның басты қаласына деген махаббатты көрсетеді. Конструкция фотосессия жасауға, серуендеуге және көңіл көтеруге өте ыңғайлы болып шықты. Атап өтерлік жайт, аталмыш жоба жастардың бастамасымен және әкімшіліктің қолдауымен жүзеге асты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аптап ыстықта өзіңізді қалай ұстау керек?