Жаңалықтар

I. Мал етінің кейбір мүшелерінің атауы

Оқырман біле жүрсін деген ниетпен мал етінің кейбір мүшелеріне қатысты атауларды ұсынып отырмыз.
19.11.2014 07:36 14178

Оқырман біле жүрсін  деген ниетпен мал етінің кейбір мүшелеріне қатысты атауларды ұсынып отырмыз. 

I. Мал етінің кейбір мүшелерінің атауы

Бас – ірі қарада екі шеке деп аталады.

Жақ – ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

Жақ ет, ұрт ет – ірі қарада бөлек алынып, қазанға бөлек түседі.

Мойын, алты буын – қонаққа, сыйлы адамдарға арналған мүшелі табаққа салынбайды.

Мойын ет – ірі қарада, кейде ұсақ малдың да мойын еті бөлек алынады, онан көбінде қуырдақ жасайды.

Бұғана – екі жақта 3 талдан 6 тал болады, мүше орнына саналады.

Қара қабырға – 6 тал болады, мүшемен бірге табаққа түседі.

Сүбе қабырға – 6 тал, етегімен қосып алынады, таңдаулы мүшелер қатарына жатады.

Қазы – семіз жылқыдан 20 қазыға дейін айналдырылады, оның кейбіреуі қабырғасыз тілініп, басқа малдың ішегіне айналдырылады.

Телше қазы – жылқының сүбесі. Телшені кей жерде мүрлемей жас күйінде асады.

Төс – күйеулер мен келіндерге арналған сыбаға. Жас адамдарға беруге де болады. Қазақ салтында жылқы төсі мен ешкі төсі «жаман күйеуге» беріледі деп есептеледі, кей жерде ірі малдың шершеуі де төске баланады.

Төс ет – жылқы, сиырда осылай аталады. Кесек еттердің таңдаулысы, қуырдақ қуырылады, сүрленеді.

Төстік – ұсақ малда осылай аталады, терісімен істікке шаншып қақтап жейді. Дала аушылығында, жол азыққа төстік көп пайдаланылады.

Төсқалдақ – қой мен ешкінің, әсіресе ешкінің төстігін кей жерлерде төсқалдақ деп атайды.

Төс етек – мал төсінің етек жағындағы кесек ет. Көбінде қуырдаққа қуырылады.

Кеңірдек – соғым сойған кісінің мойын ет жіберіп алған «қол үздігін» осылай атайды.

Ауыз омыртқа – соғым сойған күні табаққа міндетті түрде түсетін мүше, сыйлы қонақтың табағына салуға болмайды.

Кәрі жілік – әр малда екіден болады, жілік мүшесіне кіреді, кей жерде тіпті «кәделі жілік» есептелінеді.

Кәрі жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады, оны кәрі жіліктің айдар еті деп те атайды.

Ортан жілік – екеу болады. Мүшелі жілікке жатады.

Ортан жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады, жұмсақ ет.

I. Мал етінің кейбір мүшелерінің атауы

Жауырын – жіліктердің төмен дәрежелісі, көбінде басқа қосылып келеді. Бұл моңғолдарда ең кәделі жілікке жатады.

Жауырынның сұрпы еті – екі бөлек кесек ет.

Асықты жілік – екеу болады. Жамбастан кейінгі таңдаулы мүшеге жатады, сыйлы жастарға, қыз-күйеуге (төспен бірге) тартылады.

Асықты жіліктің айдар еті – екі бөлек болады. Ұсақ малда бірге, ірі қарада бөлек болады.

Тоқбас жілік – қолда болатын, еті молырақ екі жілік.

Тоқбас жіліктің ойынды еті – екі бөлек болады. Оны тобық еті деп те атайды.

"Ана тілі" газеті, 2008 жыл.

Фото авторы: Сәрсенбек Қызайбекұлы.

Мақаланың екінші бөліміне өту үшін

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға