«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев ұсталды

Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін көпшіліктің қызу талқысына түскен Хасан Қасымбаев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаменті Қасымбаев 2 қараша күні ұсталғанын мәлім етті. Бірақ ол басқа іс бойынша күдікке ілініп отыр.
2024 жылғы 2 қарашада Азамат Қ. 2021 жылғы маусымда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, азамат А-ны ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс материалдары сотқа бұлтартпау шарасы үшін жолданды. Тергеу облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауында, - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, 4 қазанда Талғардағы дүкендердің бірінде атыс болып, салдарынан 16 жасар Шерзат Болат қайтыс болды. Қазіргі уақытта бұл іс бес бап бойынша тергеліп жатыр.
