Хромтауда әйел бесінші қабаттан секірмек болды
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
07.09.2023 09:00
1050
Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды, - делінген мәліметте.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министрлікте лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды
Келесі жаңалық
Қызылордада енесінің атынан несие алған келін сотталды