Жаңалықтар

Хромтау шахтасындағы апат: бірнеше кенші ауруханаға жатқызылды

Хромтау шахтасындағы апат: бірнеше кенші ауруханаға жатқызылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 28.02.2025 18:04 153

28 ақпан күні Хромтаудағы «Болашақ» шахтасында апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде болған. 

Денелерін күйік шалған төрт қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Шахтада өндіру бойынша жұмыстар мән-жайлар анықталғанға және оқиғаның себептері жойылғанға дейін тоқтатылды, - делінген мәліметте.

Оқиғаны Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға