Жаңалықтар

ХҚКО Наурыз мерекесі қарсаңында қалай жұмыс істейді

ХҚКО Наурыз мерекесі қарсаңында қалай жұмыс істейді
Фото: gov.kz 20.03.2025 16:39 235

"Азаматтарға арналған үкімет" Наурыз мейрамын тойлау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Азаматтарға арналған үкімет" ақпаратына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 21, 22, 23 және 24 наурызда жұмыс істемейді.

Сейсенбі, 25 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекшілер отырады. Келген азаматтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

Кезекші ХҚКО мен және арнайы ХҚКО-ның өзекті тізімімен мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Еске сала кетейік, биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 наурыз сенбіге, 23 наурыз жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар Наурыз мейрамында бірден бес күн - 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасымен істейтіндер үшін сейсенбі, яғни 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға