Хостелдегі өрт: енді тоғыз қабаттан биік үйлерді жалға беру тәртібі өзгереді
Алматы қаласындағы 13 адамның өмірін қиған хостелде болған қайғылы оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Аталған жағдайға жеке үйлер мен коттедждерді жатақхана етіп қайта жабдықтау үрдісінің өсуі ықпал етіп отыр. Әсіресе бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мұндай фактілердің алдын алу үшін биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай шоғырланатын нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде министрліктің қатысуын қайтару бойынша норма әзірленгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр берген ақпаратқа сәйкес, шағымдардың 60 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптарын жобалау және құрылыс сатысында бұзылатынын көрсетіп отыр. Мәселен, «STOP Құрылыс» тобы мүшелерінің бір ғана өтінішінде Алматы қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 11 тұрғын үй кешенінің бар екенін көрсетті.
Министрлікке арнайы техникалық шарттарды келісу өкілеттігін беру көзделді. Бұл норма өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаудан негізсіз ауытқу фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ғимараттар мен құрылыстардағы өрт автоматикаларының жарамсыз жағдайда болуы, штатында білікті өрт маманы жоқ ұйымдар қызмет көрсетуі салдарынан өзекті қалпында қалып отыр. Халықаралық тәжірибе бұл қызметті лицензиялау қажеттігін көрсетті. Бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру талабын енгізсек, өрттің тұтану сатысында жедел ден қоюға, өрттердің үлкен аумақтарға таралуына жол бермеуге, адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.