Жаңалықтар

Холанд «Манчестер Ситиден» кетеді. Қайда ауысатыны да белгілі

Холанд «Манчестер Ситиден» кетеді. Қайда ауысатыны да белгілі
Фото: instagram.com/erling.haaland 10.01.2024 11:28 1015

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд маусым соңында ағылшын клубының сапынан кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші Франсуа Галлардо әлеуметтік желіде 23 жастағы норвегиялық ойыншының жазда «Барселонаға» кететінін жазды. Каталон клубы Холандтың трансфері жайлы осыдан біраз бұрын келісіп қойған. «Барселона» футболшыны 100 млн еуроға сатып алмақ.

Эрлинг Холанд Дортмундтың «Боруссия» клубынан «Манчестер Ситиге» 2022 жылы ауысқан. Биылғы маусымда 23 жастағы норвегиялық 22 матч өткізіп, 19 гол соқты, бұдан бөлек тағы бес нәтижелі пас берді.

Transfermarkt интернет-порталы оны 180 млн еуроға бағалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға