Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
30.04.2024 02:18
733
Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, қазақстандықтар Чехия құрамасына қарсы ойнап, овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 30 сәуір күні Канадаға қарсы өткізеді.
Айта кетелік, өз тобында соңғы орын алған командалар элитадағы орнын сақтау үшін өзара ойнайды.
Бөлісу:
