Хоккей: Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды
![Хоккей: Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды Хоккей: Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды](/storage/storage/element/2023/08/02/mainphoto/62198/1200xauto_Sm1QkY1dlNpbNsG2ePMeJqs05nT2c3a4TEmCVFnv.jpg)
Қазақстан хоккей федерациясының республикалық жарыстарды ұйымдастыру бөлімі 2023/24 маусымға Қазақстан тұрақты чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023/24 маусымда Қазақстан чемпионатының медаліне 11 ұжым таласады: «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Торпедо» және «Хумо». Турнир үш кезеңнен тұрады.
Оқи отырыңыз:
Бірінші кезеңде командалар бір-бірімен төрт матчтан ойнап шығады (2 үйде және 2 түзде). Чемпионат басталған күні (9 қыркүйек) Астанада өткен жылғы финалистер «Номад» пен «Хумо» кездессе, Қарағандыда «Сарыарқа» мен «Алматы» өзара кім мықтыны анықтайды.
10 қыркүйекте «Торпедо» – «Бейбарыс», «Ертіс» – «Ақтөбе» және «Құлагер» – «Арлан» ойнайды.
«Горняк» маусымды 14 қыркүйекте бастап, Петропавлда «Құлагермен» кездеседі.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)