Жаңалықтар

Хоккей: «Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Хоккей: «Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.08.2023 22:48 832

Қазақстандық «Барыс» Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы елордалық клуб Омбының «Аванград» командасымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында ресейлік клубтан Рид Буше небері 17-секундта есеп ашқан еді. Одан кейін «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 6, Самат Данияр 19-минутта екі гол соғып кетті.

Екінші кезеңнің 24-минутында «Аванград» хоккейшісі Либор Шулак есеп айырмасын қысқартты.

Ал үшінші кезеңде қазақстандық командадан Райли Барбер 45, 58-минутта қос голдың авторы атанса, 59-минутта ресейлік хоккейші Иван Николишин қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға