Жаңалықтар

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Назарбаев Университеті
18.07.2016 12:14 3866

Назарбаев Университетінде жиырма бірінші Халықаралық физика саласындағы ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Конференция ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында ұйымдастырылған маңызды оқиға. Конференция тақырыбы болашақ Энергиясы, инерциалды термоядорлық синтез, заманымыздың жаһандық энергетика мәселесіне арналған.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

«Heavy-Ion Inertial Fusion» конференциясының тарихы 1976 жылдан бастау алады. Алғаш рет АҚШ-тың Лоуренс Ұлттық Лабораториясында өткізілген ғылыми-конференция кейінірек Франция, Германия, Жапония, Қытай секілді әлемнің алпауыт елдерінде өткізілген.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

HIF2016 конференциясында «ауыр иондар инерциялды термоядролық синтезі», «ыстық тығыз плазманың қоздырылған күйі» секілді физика ғылымындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Осы ретте Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде америкалық және ресейлік ғалымдардың бірлесуімен INURA иондық жеделдеткіші, сондай-ақ, ТОКАМАК жобасын іске асырылып жатқандығы жайлы айта кеткен жөн.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Дайтер Хофман, ғалым:

— ТОКАМАК жобасын мен өте маңызды жұмыстардың бірі деп есептеймін. Бұл жоба барысында біз жанармайды ұзақ уақыт бойы қыздырамыз. Жалпы ғылымда үлкен жетістіктерге жету  үшін мемлекеттер барынша көмек көрсетуі тиіс деп есептеймін. Осындай елдерің бірі — Қазақстан деп білемін. Мен сіздердің елдеріңізді ұзақ жылдар бойы бақылап келемін. Жаңадан ашылған Назарбаев Университеті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймын.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Канат Байгарин, Назарбаев Университетінің инновациялар мен ғылым жөніндегі вице-президенті:

— HIF2016 — Қазақстанның университеттерінің инновациялар мен ғылыми орталықтарын физика саласындағы әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға және әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қол жеткізуге тамаша мүмкіндік. Бұған қоса, HIF2016 қорытындылары ЭКСПО-2017 барысында талқыланатын заманымыздың жаһандық энергетика мәселелерін шешу ізденісіне септігін тигізеді.

«HIF2016» Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

Екі жыл сайын инерциалды термоядролық синтез саласындағы мамандар бұл конферецияға зерттеу нәтижелерін талқылау және маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу үшін кездеседі. Биыл конференцияның мақсаты Қазақстан және ТМД университеттері мен ғылыми орталықтарының ынтымақтастығын арттыру, энергия өндірудегі инерциалды әдісті одан әрі дамыту болып табылады.  


Рүстем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға