Жаңалықтар

Хиджабқа қарсы шығып, көшеде іш киіммен отырған қыз ұсталды

Хиджабқа қарсы шығып, көшеде іш киіммен отырған қыз ұсталды
Фото: коллаж El.kz/Видеодан кадр 04.11.2024 12:09 900

Тегеранда Азад ислам университетінің студенті хиджабқа қатысты ескертуден кейін далада киімін шешіп тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 2 қарашада болған. Көшеде шешінген студент қыз қамауға алынды.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдарда «Басидж» деп аталатын үкіметшіл радикалдық топ өкілдері қызды қатігездікпен ұстағаны, содан кейін оның киімдерін жыртып тастағаны көрсетілген. Оқиғадан соң студент қыз полицияға жеткізіліп, бұл әрекет қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр.

Университеттің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Амир Махджуб оқиғаға тек университет күзеті араласқанын айтты. Ал сот органдары әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, Иранда хиджаб мәселесі 2022 жылы болған оқиғадан кейін ушығып кетті. Қыркүйектің ортасында әдет-ғұрыпты бақылайтын патруль 22 жастағы Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстады. Екі күннен кейін қыз қайтыс болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға