Хет-трик жасаған Роналду пікір білдірді

Фото: instagram.com/cristiano
Фото: instagram.com/cristiano
27.08.2023 04:24
1167
«Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 3-турында «Әл-Фатехпен» кездесудегі клубының жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тағы да керемет командалық жұмыс. Алға, «Әл-Наср», - деп жазды Роналду әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы чемпионатының 3-турында «Әл-Наср» «Әл-Фатехті» 5:0 есебімен жеңсе, Криштиану Роналду хет-трик жасады, ал Садио Мане дубль авторы атанды.
Роналду 2023 жылдың қаңтарынан бастап «Әл-Наср» сапында ойнайды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.
Бөлісу:
