Жаңалықтар

Heriot-Watt делегациясы Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді

Heriot-Watt делегациясы Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 09.06.2024 17:12 435

Heriot-Watt университетінің делегациясы Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. 

Шетелдік қонақтар алдымен оқу орнының басшылығымен кездесіп, оқу жылында атқарылған жұмыс барысына шолу жасап, алдағы бірлескен жобаларды талқылады.

Сонымен қатар жиында қос тарап келер оқу жылына студенттерді қабылдау шарттары, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және филиалдағы профессор-оқытушылар құрамын дайындау мәселелеріне тоқталды.

Делегация мүшелері Жұбанов университетінің және Heriot-Watt кампусының инфрақұрылымымен танысып, студенттерге қонақ дәріс өткізді.

Бұдан бөлек Heriot-Watt университетінің өкілдері Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесіп, университет филиалы жайлы ақпарат беріп, пікір алмасты.Сондай-ақ кәсіби бағдар беру мақсатында мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, ашық лекциялар өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға