«Хан Шатырдың» жанып жатқаны туралы ақпарат расталмады

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
16.02.2024 01:00
859
Астанада өрт сөндіру қызметіне «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт шыққаны туралы хабар жеткен. Алайда бұл факт расталмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, бұл хабарлама 15 ақпанда сағат 23.35-те келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 5 минутта жетіп, ғимаратты дереу барлауға кіріскен.
Нәтижесінде жану фактісі расталмады. Сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының сыртындағы шыңында булану орын алған.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
