Жаңалықтар

ХАМАС Израильдің оңтүстігіне 100 зымыран бағытталғанын мәлімдеді

ХАМАС Израильдің оңтүстігіне 100 зымыран бағытталғанын мәлімдеді
Фото: Видеодан алынған кадр 09.10.2023 09:04 912

ХАМАС дүйсенбіге қараған түні Израильдің оңтүстік-батысында Жерорта теңізі жағалауында орналасқан Ашкелон қаласына зымырандармен соққы жасады. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зымырандардың кейбірі тұрғын үйлердің үстінк түскен, ал басқаларын Израильдің "Темір күмбез" жүйесі атып түсірді.

ХАМАС Ашкелонға 100 зымыран атылды деп мәлімдейді.

Бұған дейін бұл топ өздерінің негізгі мақсаты Бен Гурион халықаралық әуежайы екенін мәлімдеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға