ХАМАС басшысының өлімінен соң Иран Израильге тікелей соққы жасамақ
Фото: © globallookpress.com
Фото: © globallookpress.com
01.08.2024 11:44
853
Аятолла Али Хаменеи Исмаил Ханияның өлімінен соң Израильге қарсы шабуыл жасайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Тегерандағы резиденцияға жасалған шабуыл кезінде ХАМАС ұйымының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания өлтірілген болатын. ХАМАС мұның артында Израиль тұр деп мәлімдеме жасады.
Бұл жайт Иран абыройына біраз нұқсан келтіргені анық. 31 шілде күні елдің жоғарғы лидері Израильге тікелей соққы жасауды бұйырды.
The New York Times мәліметінше, Али Хаменеи бұл бұйрықты сәрсенбі күні таңертең – Ханияның өлімі туралы естіген бойда берген.
Аятолла бұл туралы Ұлттық қауіпсіздіктің жоғары кеңесінде жария етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтау әуежайының жұмыс режимі өзгереді
Келесі жаңалық
Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?