Жаңалықтар

«Халықтың қамын ойламайсың ба?». Сара Алпысқызы Назарбаевқа қандай кеңес бергені айтылды

«Халықтың қамын ойламайсың ба?». Сара Алпысқызы Назарбаевқа қандай кеңес бергені айтылды
Фото: © AFP 2023 / STANISLAV FILIPOV 16.01.2024 09:50 2802

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев  “TalkLike” ютуб арнасында Сара Алпысқызы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сара Алпысқызы туралы ешкім көп айтпайды. Ол көп сөйлемейтін, бірақ тік айтатын. Тіпті, күйеуіне «Халықтың қамын ойламайсың ба?» деп айтатын. Кейінгі әйелдері пайда болғанда екеуінің арасы қатты суып кетті. Ол кісі жәй қарапайым адам. Еш жерде лекция оқып, сөйлемеді, - дейді ол.

Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси шешімдеріне араласпаған айтты.

Араласқанның өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы ол кісімен санаспайтын. Ол кісі қазір тірі. Құдаларымен де, таныстарымен де араласпайды. Араласатын жақын достары да жоқ. Ол кісінің мінезі тік болатын. Мен 8 наурызда гүл жібергенімде лақтыртып тастайтын, - дейді Амангелді Шабдарбаев.

Айта кетейік, Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отбасын құрып, бір жылдан кейін Дариға есімді қыз дүниеге келеді. Бұдан кейін 1967 жылы Динара және 1980 жылы Әлия Назарбаевалар өмірге келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға